Меню KDT
logo.jpg?_=1567592019

 НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ  "№65 МЕКТЕП - ГИМНАЗИЯ" КММ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

Мәзір

Мектеп директоры: Елекеева Нургуль Жаксыбековна
Қабылдау күндері:
Сейсенбі: 11.00-13.00
Бейсенбі: 17.00-19.00

Бәрі

Байланыс

Адрес:
Ш.Қосшығұлұл, 18/1 ғимарат 

Байланыс:
Қабылдау бөлімі: +7(7172)728703,
Вахта: +7(7172)728704


   №2,7,13,32,34,50,73,102,105

Аялдама:
"№65 мектеп-гимназия"

Сауалнама

Оцените школьный сайт:

Дауыс беру





Ата-аналардың (заңды тұлғалардың) және басқа тұлғалардың
                                                 мектепте болу тәртібі 


  1. Негізгі ережелер.

  1. Білім беру мекемесінде болу мектеп әкімшілігімен немесе педагогтармен алдын ала келісім бойынша рұқсат беріледі.
  2.  Белгіленген кездесу туралы мектеп қызметкері алдын ала күзет қызметіне жазбаша түрде хабарлайды.
  3. Сынып жетекшілері сыныптың ата-аналар жиналысы, ата-аналар комитетінің отырыстары және бөгде адамдардың қатысуымен өтетін өзге де іс-шаралар туралы мектепке келушілерді есепке алу журналына міндетті түрде жазып, алдын ала мектеп әкімшілігіне және кезекші күзетшіге хабарлауға міндетті.
  4. Бастауыш сынып мұғалімдері оқу күнінің аяқтау уақыты туралы ата-аналарға алдын ала айтуы керек, сабақ аяқталған соң балаларды киіндіріп, мектептен бірге шығарып салады.
  5. Балаларын мектепке сабаққа, қосымша сабақтарға (секциялар, үйірмелер, факультативтер) алып келген немесе алып кетуге келген ата-аналар балаларын мектептің 1-қабатындағы вахтаның жанында холлда күтіп тұрады.
  6. Мектепте болу кезінде мыналарға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
  • қоғамдық тәртіпті бұзуға;
  • өзімен бірге оқ атылатын, газ, пневматикалық және суық қару, пиротехника, арнайы қорғаныс құралдарын, есірткі заттарын алып жүруге,
  • спирт ішімдіктерін өзімен алып келуге және ішуге, темекі шегуге;
  • мектеп қызметкерлеріне, оқу үдерісіне кедергі жасауға;
  • өзімен бірге жануар ертіп келуге;
  • сауда жасауға және жарнама жұмысымен айналысуға.
  1. Мектеп қызметкерлері мектепке келушіні мынадай тәртіп бұзған жағдайда шығарып жіберуге құқылы:
  • қоғамдық тәртіпті бұзған және объектіге қауіп туғызған жағдайда;
  • мектеп аумағында мақсатсыз жүргенде және объектінің қалыпты қызметіне кедергі жасағанда;
  • мектеп ішіндегі және сыртындағы мүлікке қол сұққан жағдайда;
  • мектеп қызметкерлері мен оқушыларына дөрекілік танытқанда;
  • мектепке келуші өз іс-әрекетіне жауап бере алмағанда, жанжал туғызғанда, басқа келушілердің ар-намысына тигенде.
  1. Шұғыл жағдайдағы барлық мәселелерді кезекші әкімші шешеді.

 

 2. Ата-аналардың мектепте болу тәртібі

  1. Ата-аналардың мектепке кіруіне мектеп әкімшілігімен немесе педагогтармен алдын ала келісім бойынша рұқсат беріледі.
  2. Мектептің басқа қызметкерімен кездесу үшін мыналар қажет:
  • кездесу уақыты мен орны туралы алдын ала келісу;
  • мектепке белгіленген уақытта жеке басын куәландыратын құжаттармен келуі;
  • вахтерге келіп , өзінің келгенін тіркеуі керек: аты-жөнін айту, келу мақсатын, кездесу белгіленген мектеп қызметкерінің аты-жөнін айту, жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы;

 

Естеріңізде болсын! Мұғалімдермен кездесу тек оқу үдерісі аяқталған соң ғана жүргізіледі!

Сабақ кезінде мұғалімді және оқушы шақырып алуға тыйым салынады!

 

  1. Ата-аналардың мектепке тіркелмей кіруіне тек мына жағдайларда ғана рұқсат беріледі:
  • Ата-аналар жиналысы;
  • Ашық есік күндері;
  • Мерекелік іс-шаралар.

 

 

3. Бөгде тұлғаларды мектепке кіргізу

  1. Бөгде тұлғаларды мектепке кіргізу (бөгде тұлғалар деп білім беру үдерісін тікелей іске асыруға байланысы жоқ және мектепте оқымайтын немесе олардың ата-анасы (олардың заңды өкілдері)емес азаматтар, оларға тек білім мекемесі әкімшілігінің келісімі бойынша рұқсат беріледі.
  2. Мектеп әкімшілігінің рұқсатымен бөгде тұлғаларды кіргізу тек мектеп вахтасындағы журналға келу мақсатын міндетті түрде жазып, жеке басын анықтаған, соң ғана кіргізу мүмкін болады.

Сілтемелер

 

Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы



Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
 Қазахстан 
Республикасының
 
Президенті







edu.gov.kzmin_obrazvonija.png

 

bilim_upravlenie.png

komitet_po_ohrane_detei.jpg


olimpiadi.png


daryn.jpg


 

Статистика


  • Осы айда 924
  • Осы аптада 212
  • Кеше 26
  • Бүгін 22
  • Онлайн 1
65 мг 2018ж.

Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015-2016 год