Меню KDT
logo.jpg?_=1567592019

 НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ  "№65 МЕКТЕП - ГИМНАЗИЯ" КММ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

Мәзір

Мектеп директоры: Елекеева Нургуль Жаксыбековна
Қабылдау күндері:
Сейсенбі: 11.00-13.00
Бейсенбі: 17.00-19.00

Бәрі

Байланыс

Адрес:
Ш.Қосшығұлұл, 18/1 ғимарат 

Байланыс:
Қабылдау бөлімі: +7(7172)728703,
Вахта: +7(7172)728704


   №2,7,13,32,34,50,73,102,105

Аялдама:
"№65 мектеп-гимназия"

Сауалнама

Оцените школьный сайт:

Дауыс беру

Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің тыныс-тіршілігі

Бастауыш сынып әдістемелік бірлестік мүшелері әр аптаның сенбісі күні бас қосып, жаңартылған білім мазмұны талаптарына сай Lessen Study, коучингтер, шебер сыныптар өткізіп, курста алған теориялық білімдерін практика жүзінде жетілдіріп, өзара тәжірибе алмасып отырады.



Биылғы оқу жылында бірнеше шығармашылық топтарға бөлініп, үш топ ерекше қамқорлықты қажет ететін (инклюзив) оқушылармен жүргізілетін жеке жұмыстарға дидактикалық материалдар жинағын құрастырса, алты топ 1-3 сыныптардың әр пәнінен жиынтық бағалаудың жинағын құрастыруда. Бұл жұмыстардың басы-қасында «Өрлеу» білім жетілдіру институтының тренері Дюсембинова Б.С, Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Күзембаева К.А, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Бекей Р.Е бар.
Бүгінгі күні Аленова А.С, Мамыраимова З.Т, Қабдекина А.М құрастырған 1-сыныптардың сауат ашу пәнінен 2 нұсқадағы жиынтық бағалауының үлгісі әдәстемелік бірлестік отырысында бекітіліп, пайдалануға дайын.


Басқа сыныптардың да әр пәннен жиынтық бағалаулары құрастырылуда. Екі нұсқада дайындауымыздың себебі дайын жиынтық бағалаулардың тапсырмалары сайтта бар, ата-аналар балаларын алдын-ала дайындап жібереді, бір нұсқа болғандықтан бір-бірінен көшіреді де нақты бағаланбайды.

Астана қаласы № 65 мектеп-гимназиясы
Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі
24.12.2018
Шебер сынып.
Тақырыбы: «Математика сабағында белсенді оқуды ұйымдастыру»
1-сынып. Сабақтың тақырыбы: «Ұзындық. Масса. Көлем»
Мақсаты: жаңартылған оқу бағдарламасы талабына сай әр сабақты нәтижеге бағыттай отырып өткізуде ұстаздарға жан-жақты әдістемелік көмек көрсету.
Қатысқаны – 29 мұғалім
Шебер сыныптың өтілу барысы:
1. Шебер сыныптың тақырыбы, мақсатымен таныстыру.
2. Бастауыш сынып мұғалімдерін 4 топқа бөлу.
3. Сабақтың тақырыбы, мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру.

Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

  1. (сыйымдылықтың): л шама мәндерін салыстыру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Ұзындық /масса/ көлем ( сыйымдылық)  шамаларын ажырата білу және салыстыру

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Ұзындық /масса/ көлем ( сыйымдылық)  шамаларыды  өлшеуге арналғанқұралдарды таңдау, өлшеу жүргізу.

Кейбір оқушылар:

  • Ұзындық /масса/ көлем ( сыйымдылық)  шамаларына берілген есепке кері есеп құрастыру.

Бағалау

критерийлері:

  • Ұзындық /масса/ көлем ( сыйымдылық)  шамаларын ажырата алады.
  • Ұзындық /масса/ көлем ( сыйымдылық)  шамаларын өлшеуге арналған құралдарды таңдайды, өлшей аладыы.
  • Ұзындық /масса/ көлем ( сыйымдылық)  шамаларын өлшеуге берілген есепке кері есеп құрастыра алады.

Топтарға тапсырма беру.
1-топ: Оқушыларды топтарға бөлу, психологиялық дайындық.
2-топ: Осы сабақта оқушылармен жеке жұмысты ұйымдастыру.
3-топ: Жұптық жұмыс
4-топ: Топтық жұмыс

Ұйымдастыру кезеңі

1 минут

 

  

Топтастыру

әдісі:

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 














Кіріспе

 

«Ой қозғау»

3минут

 

 

Жұптық

жұмыс

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топтық жұмыс

      10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәптермен

жұмыс

3 минут

 

 

 

Сергіту сәті.

3 минут

 

Жеке жұмыс

7 минут

 

 

    








Рефлексия

4 минут

 

Қорытынды

2 минут

- Сабақты бастамас бұрын, сабаққа       өзімізді дайындайық.

Бір, екі, үш,

Сынып іші тып-тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз

Сабақты біз бастаймыз.

-         Балалар, барлықтарыңыз орындарыңыздан тұрып алдарыңызда жатқан кез-келген қиынды қағазды таңдап алыңыздар, ашып көріп, кімде таразының суреті салынған – масса, сызғыштың суреті болса – ұзындық, стаканның суреті болса – көлем, шырынның суреті болса – сыйымдылық топтарына отыра қойыңыздар.

І-топ    «Ұзындық»

ІІ-топ   «Масса»

ІІІ-топ  «Көлем»

ІV-топ  «Сыйымдылық»

Топқа отырған соң топ басшысын сайлайды.

Топпен жұмыс ережесін қайталайды.

-         Тақтаның жанында заттар жатыр. Әр топ ақылдаса отырып өз топтарыңыздың атына сай келетін 3 затты таңдап алыңыздар.

Мақсаты: ұзындықты, массаны, көлемді, сыйымдылықты өлшейтін құралдарды дұрыс таңдау.

Қалыптастырушы бағалау: мадақтау әдісі арқылы. Мұғалім бағалайды, белсенді оқушыларға жетон береді.

-         Ұзындықтың өлшем бірлігі – сантиметр, дециметр

-         Массаның өлшем бірлігі – килограмм

-         Көлемнің өлшем бірлігі - литр

Тапсырма: «Зертте»

Топтағы әр жұп 1өлшеу құралын, мысалы сызғышты  таңдап алады да толық зерттейді. Қандай материалдан жасалған, қандай бөліктерге бөлінген, не үшін керек?

І-топ    «Ұзындық»

Сызғыш, өлшеу лентасы, метр.

ІІ-топ   «Масса»

Таразы, безбен, электронды таразы

ІІІ-топ  «Көлем»

Стакан, банка, құман

ІV-топ  «Сыйымдылық»

 Кастрөл, шелек, банка

Мақсаты: Заттың ұзындығын,  салмағын,  көлемін, сыйымдылығын өлшейтін құралдарды зерттеу, құрылысымен танысу.

Дескриптор:

  1. Өлшеу құралдарын зерттейді.
  2. Өлшеу құралдарының құрылысымен танысады.

ҚБ: «Бағдаршам» арқылы бағалау. Бір топты қалған 3 топ бағалайды, бір – бірін толықтырады.

Дағды: зерттеу,  ынталану, сыни тұрғыдан ойлану дағдысы қалыптасады.

Белсенді, саралау, зерттеу  оқу әдісі жүзеге асады.

Тапсырма: «Сенің қолыңнан келеді»

1-топ: кітаптың, телефонның ұзындығы мен енін,  бір оқушының бойын өлшейді, тиісті өлшем бірліктерімен жазады.

2-топ: алманы, конфетті, сәбізді өлшейді, тиісті өлшем бірлігімен жазады.

3-топ: 2 лшырынды 200 грамдық стақандармен түрлі ыдыстарға (100 г) бөліп құяды.

4-топ: 20 л кастрөлді1л, 2л, 5л ыдыстарды пайдаланып толтырады

Мақсаты: Өлшем бірліктерді дұрыс қолдана отырып (см, дм, кг,л)  өлшеу

Дескриптор:

  1. өлшейді.

ҚБ: Бас бармақ әдісі арқылы. Бірінші топты-екінші, екінші топты-үшінші, үшінші топты- төртінші, төртінші топты- бірінші топ бағалайды.

Дағды: ынтымақтастық, деректерді өңдеу, тәжірибелік дағды қалыптасады.

Белсенді, саралау  оқу әдісі жүзеге асады.

-         Сонымен бірге ұзындықты қарыс, сүйем, шынтақ арқылы да өлшеуге болады.

  1. Оқушылар дәптерлерін ашып суретте берілген қаламсаптың, блокноттың ұзындығын өлшеп, жазады. (8 см, 10см)
  2. Суретте берілген таразының үстінде тұрған жемістердің салмағын жазады. (2кг, 4кг, 7кг)

Тапсырманы орындап болған соң жұбымен ауысып, бір-бірін тексереді.

Мұғалім қолында тұрған суреттерді шашып жібереді. Қыздар ұзындыққа қатысты заттарды, ұлдар салмаққа қатысты заттарды жинайды.

Тапсырма: «Мен саған сенемін»

  1. Есепті шығар
  2. Берілген есепке кері есеп құрастыр, шығар. (Кейбір оқушыға карточка беремін)

 

Мақсаты: Заттың массасын табуға берілген есепті шығару.

Берілген есепке кері есеп құрау, шығару.

ҚБ: «От шашу». Кері есеп құрастырған бірнеше оқушы есебін оқиды, қалған оқушылар қошемет көрсетіп от шашумен бағалайды.

Дағды: Өзбетімен ойлану, проблемаларды шешу, деректерді өңдеу, сыни тұрғыдан ойлау дағдысы қалыптасады.

Белсенді оқу, саралап оқу әдісіжүзеге асады.

Ортақ тапсырма: «Сәйкестендір»

Интербелсенді тақтада кестенің ішінде қораптағы айранның, 5 сәбіздің, өсіп тұрған гүлдің суреттері және кг, см, л өлшем бірліктері жазылған. Оқушылар хормен талдай отырып сәйкестендіреді.

-Сонымен, бүгін біз не істедік? (заттың салмағын, ұзындығын, көлемін, сыйымдылығын өлшеуді үйрендік)

-Ұзындықты тағы қалай өлшеуге болады екен? (қарыс, елі, сүйем, шынтақ)


4. Белгіленген уақыт өткен соң әр топ жұмыстарын қорғады. Басқа топтар өз пікірлерін білдірді. Әр жұмыстың соңында эксперттер өз нұсқасын қоса айтып отырды.
5. Барлық топтарға ортақ тапсырма – кері байланыс.
6. Топтар жеке-жеке айтып шыққан соң эқсперттер ең тиімді әдісті ұсынды

Кері байланыс:
-Тақтада 10-ға дейінгі сандар жазылған жолақ ілулі тұр. 0-ден 3-ке дейінгі бөлігі -қызыл, 3-тен 6-ға дейінгі бөлігі – сары, 6-дан 10-ға дейінгі бөлігі жасыл түспен боялған. «Бүгінгі сабақта барлығын толық түсіндім, заттарды өлшеуді білемін» - деген оқушы жасыл бөлікке, «шамаларды өлшеуді білемін, бірақ өлшем бірліктерін әлі де толық меңгермедім» - деген оқушы – сары бөлікке, ал «бүгінгі тақырып мен үшін қиын болды, көп нәрсені түсінбедім» - деген оқушы қызыл жолаққа топқа бөлінген кездегі суреттерін жабыстырады.
Бірнеше оқушыдан неліктен сол түске жабыстырғаны сұралады.

Қорытынды: шебер сынып барысында математика сабағында топтық, жұптық, жеке жұмыстардың барлығы белсенді оқуға негізделіп құрылды. Ұстаздар өзара тәжірибе алмасты. Тәжірибелі ұстаздар жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетті.
Ұсыныс: осындай шебер сыныптар жүйелі түрде жүргізілсе әр мұғалім өзіне қажетті әдістемелік көмек алып, әр сабақты заман талабына сай өткізуде еш қиналмас еді.

Сілтемелер

 

Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы



Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
 Қазахстан Республикасының 
Президенті



 




edu.gov.kzmin_obrazvonija.png

 

bilim_upravlenie.png

komitet_po_ohrane_detei.jpg


olimpiadi.png


daryn.jpg


 

Статистика


  • Осы айда 454
  • Осы аптада 44
  • Кеше 5
  • Бүгін 1
  • Онлайн 0
65 мг 2018ж.

Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015-2016 год