Меню KDT

logo.jpeg?_=1603470867

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ "№65 МЕКТЕП - ГИМНАЗИЯ" КММ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!
  • ru
  • kz
  • en
  • Название страницы

     

    "№65 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ"ММ директоры


    Елекеева Нургуль Жаксыбековна

    3 наурыз 2011 жылдан осы күнге дейін   №65 мектеп - гимназиясында  биология пәні мұғалімі, 2016 жылы 9 қаңтардан бастап, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары ретінде еңбек етіп келді.  
    НургульЖаксыбековна– өз ісін жетік меңгерген сауатты маман, биология  пәнін  оқытуда қазіргі заманға сай әдіс – тәсілдерді қолдана біледі. Оқытушы беретін сабағының теориялық және практикалық жақтарын жетік меңгерген.
     Оқытушы  жұмысының негізгі мақсаты – еңбек іс – әрекеті бойынша жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Нұргул Жақсыбекқызыәр оқушыны жете зерттеп олардың шығармашылық қасиеттерін арттырып отырады. Қабілеті жоғары оқушыларға аса көңіл бөледі. Мұндай оқушылар республикалық, қалалық іс – шараларда топ жарып ерекшеленеді.
    Нургуль Жаксыбековна 2012 оқу жылында «Заман талабына сай өзін – өзі тану пәнінің оқу және тәрбие үрдісіне кіріктірілу қажеттілігі» атты ғылыми -практикалық  конференциясын ұйымдастыру барысында белсенділік танытып, үлес қосқаны үшін Астана қаласының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің алғыс хаты, Қазақстан республикасының Тәуелсіздігінің 25 – жылдығына орай астаналық білім жүйесінің қалыптасу мен дамуына қосқан еңбегі үшін білім басқармасының алғысы,  «Рухани жаңғыру: қасиетті туған жер» атты білім беру ұйымдары мен мұғалімдері арасында республикалық қашықтықтан өткізілген ғылыми жобалар байқауының 3- орын жеңімпазы,жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне қосқан сүбелі үлесі, жоғары педогогикалық кәсіптік шеберлігі, жаңа көзқарастағы идеяларды насихаттағаны, Астаналақ білім беру саласының дамуына қолдау көрсеткені, қоғамдық жұмысты қолдағаны үшін  грамота, 8-11 сыныптар арасындағы «Ғылыми дебют» қалалық ғылыми жобалар конкурсының 2-орын жүлдегері, Астана қаласы білім бақармасының дипломы, «Рухани жаңғыру: қасиетті туған жер» ҚР білім және ғылым министрлігінің алғыс хаты, «Туризм-мойвыбор!» спорттық туризм сайысына оқушыларды қатыстырып, үлес қосқаны үшін т.б алғыс хаттармен марапатталған.
    НургульЖаксыбековна– шәкірттері мен әріптестері арасында сыйлы да  қарапайым, инабатты, салмақты, ізденуден, үйренуден бірде – бір жалықпайтын «таланты өсіретін – талап» екенін көруге болады. Биікке қарай, қанаты талмай, самғай ұша беретін ұстаздың бірі –Нургуль Жаксыбековна деп танимыз. 
     

    Послание
    Президента

    blog1.jpg?_=1603607207
    Директордың қабылдау уақыты: Дүйсенбі - Жұма: 10.00 - 16:00 Түскі үзіліс: 13:00 - 14:00

    Рухани жаңғыру

    Оцените школьный сайт:

    Дауыс беру

    Полезные ссылки