Меню KDT
logo.jpg?_=1567592019

 НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ  "№65 МЕКТЕП - ГИМНАЗИЯ" КММ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

Мәзір

Мектеп директоры: Елекеева Нургуль Жаксыбековна
Қабылдау күндері:
Сейсенбі: 11.00-13.00
Бейсенбі: 17.00-19.00

Бәрі

Байланыс

Адрес:
Ш.Қосшығұлұл, 18/1 ғимарат 

Байланыс:
Қабылдау бөлімі: +7(7172)728703,
Вахта: +7(7172)728704


   №2,7,13,32,34,50,73,102,105

Аялдама:
"№65 мектеп-гимназия"

Сауалнама

Оцените школьный сайт:

Дауыс беру

Инклюзивті білім беру


№ 65 мектеп – гимназиясы инклюзивті білім беру үрдісінің базалық мекемесі болып табылады. Бұл мекемеде: қимыл - қозғалысында ауытқушылығы бар және құлағы нашар еститіндермен қатар әр түрлі дәрежедегі мүмкіндігі шектеулі балаларды мемлекеттік стандартқа сай бағдарламамен оқу-тәрбие жұмыстары екі тілде жүргізілуде. Аталған мектепке арнайы психологиялық- медициналық - педагогикалық комиссияның ұйғарымына және шешіміне сәйкес жас шамасы мен қабілетіне қарай сыныптарға топтастырылады. Инклюзивті білім беру сыныбындағы оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің барлық түзету – дамыту, емдік дене жаттығу жұмыстары қарастырылған. Инклюзивті білім беру сыныптарындағы оқушылардың жүріп-тұруы мен қимыл-қозғалысындағы кемшіліктердің ауыр түріне байланысты, оқушылардың қасына жетелеуші мұғалімдер тағайындалған.
2018 - 2019 оқу жылында 102 – бала, 49- инклюзивті білім беру сыныбына қабылданды. Соның ішінде 27 -і құлағы нашар еститіндер, 71-ы ДЦП. әр - түрлі дәрежедегі, сонымен қатар басқада қосалқы нейроинфекциялық аурудың салдарынан мүмкіндігі шектелген, дәрігерлік анықтамасы бар 3 оқушы қабылданды. Өкінішке орай жыл сайын даму мүмкіндігі шектелген балалардың саны артып келеді.
Ерекше қамқорлықты қажет ететін оқушылармен жеке жұмыс жүргізуге арналған материалдар, әдістемелік көмек жоқтың қасы. Мұғалімдер өзара ақылдасып, тәжірибе алмаса отырып әр оқушыға әр пәннен жеке тапсырмалар құрастырып отырады.
Қала көлемінде өтетін курстардың тәжірибелік алаңына айналған білім ошағында мұғалімдер үнемі сабақ көрсетіп тәжірибелерімен бөлісіп келеді.
15-қараша күні бастауыш сыныптың алдыңғы қатарлы, шебер ұстазы Файзуллина Сәулежан Уазировна 1-сыныпта сауат ашу пәнінен «Р дыбысы мен әрпі» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, ерекше қамқорлықты қажет ететін 2 оқушымен қалай жұмыс жасауға болатынын көрсетті.




Ата-аналармен, педагогтардың негізгі міндеттері ерекше жағдайды қажет ететін балаларды қоршаған ортаға еркін бейімдеу. Осындай балалармен өмірге бейімделу жұмыс барысында жасалатын оқыту, тәрбиелеу бағыттары аз емес. Мысалы:
- Баланың алғаш ортаға түскеннен кейінгі қарым-қатынасын бақылау,өзін еркін сезінуін бақылау, құрдастарымен тіл табысуын қадағалау.
- Ортаға еркін бейімделуін қалыптастыра дамыту.
- Өзіндік дағдыларын дамыту. Жеке дамушылығына жұмыс жасау

Біздің мектебімізде инклюзивті білім берудің кіріктірілгеніне 10 жыл толды. Оқушылар мен ата- аналардың ерекше жағдайды қажет ететін балаларға көзқарасы қалыпты, керісінше бір- бірін қолдап , кез-келген жерде көмек беруге дайын.
Сонымен қатар инклюзивті білім алатын оқушылар мектепішілік және мектептен тыс тәрбиелік іс-шараларға белсене қатысады.
Координатор: Қ.А.Жақанова








Сілтемелер

 

Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы



Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
 Қазахстан Республикасының 
Президенті





edu.gov.kzmin_obrazvonija.png

 

bilim_upravlenie.png

komitet_po_ohrane_detei.jpg


olimpiadi.png


daryn.jpg


 

Статистика


  • Осы айда 377
  • Осы аптада 124
  • Кеше 16
  • Бүгін 0
  • Онлайн 0
65 мг 2018ж.

Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015-2016 год