Меню KDT
logo.jpg?_=1567592019

 НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ  "№65 МЕКТЕП - ГИМНАЗИЯ" КММ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

Мәзір

Мектеп директоры: Елекеева Нургуль Жаксыбековна
Қабылдау күндері:
Сейсенбі: 11.00-13.00
Бейсенбі: 17.00-19.00

Бәрі

Байланыс

Адрес:
Ш.Қосшығұлұл, 18/1 ғимарат 

Байланыс:
Қабылдау бөлімі: +7(7172)728703,
Вахта: +7(7172)728704


   №2,7,13,32,34,50,73,102,105

Аялдама:
"№65 мектеп-гимназия"

Сауалнама

Оцените школьный сайт:

Дауыс беру

2018 – 2019 оқу жылында психологиялық – педагогикалық қолдау көрсететін қызметі.

№ 65 мектеп – гимназиясы инклюзивті білім беру үрдісінің базалық мекемесі болып табылады. Мұнда ең алғаш рет 02.09.2011 жыл №686 «Астана қаласының Білім басқармасының» бұйрығымен 2011 – 2012 оқу жылы инклюзивті білім беру сыныптары ашылды. Бұл мекемеде: қимыл - қозғалысында ауытқушылығы бар және құлағы нашар еститіндермен қатар әр түрлі дәрежедегі мүмкіндігі шектеулі балаларды мемлекеттік стандартқа сай бағдарламамен оқу-тәрбие жұмыстары екі тілде жүргізілуде. Аталған мектепке арнайы психологиялық- медициналық - педагогикалық комиссияның ұйғарымына және шешіміне сәйкес жас шамасы мен қабілетіне қарай сыныптарға топтастырылады. Инклюзивті білім беру сыныбындағы оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің барлық түзету – дамыту, емдік дене жаттығу жұмыстары қарастырылған. Инклюзивті білім беру сыныптарындағы оқушылардың жүріп-тұруы мен қимыл-қозғалысындағы кемшіліктердің ауыр түріне байланысты, оқушылардың қасына жетелеуші мұғалімдер тағайындалған.
2018 - 2019 оқу жылында 100 – бала, 49 - инклюзивті білім беру сыныбына қабылданды. Соның ішінде 27 - і құлағы нашар еститіндер, 73-әр - түрлі дәрежедегі ДЦП диагнозы бар балалар. Жыл сайын даму мүмкіндігі шектелген балалардың саны артып келуде.
2017 - 2018 оқу жылында инклюзивті сыныптардағы 51 «инватакси » қызметін пайдалануда. Биылғы оқу жылында инклюзивті білім беру сыныптары бойынша бірінші сыныптар саны –4 , екінші сыныптар – 4, үшінші сыныптар саны – 6, төртінші сыныптар саны - 9, бесінші сыныптар саны – 5, алтыншы сыныптар саны - 8, жетінші сыныптар – 6, сегізінші сыныптар саны – 5 және тоғызыншы сыныптар- 3 сыныптың оқушылар оқып – тәрбиеленуде.

Астана қаласы № 65 мектеп – гимназиясы инклюзив білім беру сыныптарының салыстырмалы көрсеткіші 2011 – 2019 оқу жыл аралығы


Оқу жылдары

2010-2011

2011-2012

2012-2013

2013-2014

2014-2015

2015-2016

2016-2017

2017 – 2018

Бала саны

Сынып саны

Бала саны

Сынып саны

Бала саны

Сынып саны

Бала саны

Сынып саны

Бала саны

Сынып саны

Бала саны

Сынып саны

Бала саны

Сынып саны

Бала саны

Сынып саны

5

2

19

10

25

15

44

19

60

35

70

39

85

47

98

49


2010 – 2011 оқу жылы:
Барлығы: 5 оқушы ( 5 есту қабілеті зақымдалған)
2011 – 2012 оқу жылы:
Барлығы: 19 оқушы (15 есту қабілеті зақымдалған, 3 – ДЦП, 1- көру қабілеті зақымдалған)
2012 – 2013 оқу жылы:
Барлығы: 25 оқушы (14 есту қабілеті зақымдалған, 11 – ДЦП )
2013 – 2014 оқу жылы:
Барлығы: 44 оқушы (15 есту қабілеті зақымдалған, 29 - ДЦП)
2014 – 2015 оқу жылы:
Барлығы: 60 оқушы (15 есту қабілеті зақымдалған,45 – ДЦП )
2015 – 2016 оқу жылы:
Барлығы: 70 оқушы (15 есту қабілеті зақымдалған, 55 – ДЦП )
2016 – 2017 оқу жылы:
Барлығы: 84 оқушы (21 есту қабілеті зақымдалған, 63 – ДЦП )
2018 – 2019 оқу жылы:
Барлығы: 100 оқушы (27 есту қабілеті зақымдалған,73- ДЦП)

Оқыту екі тілде жүргізіліп, олар мемлекеттік стандартқа сай бағдарламамен оқу-тәрбие жұмыстары жүргізілуде. Инклюзив сынып оқушыларына жақсы жағдай жасалған арнайы мамандар мен жүріп-тұруына қолайлы жетелеуші мұғалімдер тағайындалды.
Оқушылар толық мектепішілік және қалалық, республикалық сайыстар мен конкурстарға қатысып өзі қатар балалармен бірге тең құқылы білім алуда. Оқушылар толық мектепішілік және қалалық, республикалық сайыстар мен конкурстарға қатысып өз білімі мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда.


Әр сыныптың сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері оқушылардың кемшіліктері мен қабілеттеріне, жасына сай жеке оқыту жоспары және мамандардың жеке дара түзету – дамыту жұмыстарының жылдық, тақырыптық күнтізбелік жоспарларын құрды. Құрылған жоспар бойынша 2018 - 2019 оқу жылында оқыту – тәрбиелеу, түзету – дамыту жұмыстары жүргізілді.
Психологиялық- педагогикалық қолдау, көмек көрсететін мамандар баланың жеке даму картасын жасап, диагностикалық тексеру жүргізді. Оқушыларға диагностикалық тексеру жылына екі рет жасалынып, барлық психологиялық – педагогикалық қолдау көрсететін қызметкерлерінің шешімімен мектеп ішілік педконсилиум жүргізіледі.
2018– 2019 оқу жылының қыркүйек айының алғашқы екі аптасында және одан кейінгі бақылау аптасында жүргізілген диагностикалық тексеруден кейін оқушылардың кемшіліктері мен қабілеттеріне қарай оқушыларды топтап, жеке дара түзету – дамыту жұмыстарының жұмыс бағыты мен жоспарларына сәйкес жұмыстар жүргізіліп отырады.

Инклюзивті білім алушылар үшін мектепте жақсы жағдай жасалынған:
*Материалдық - техникасы мектептің архитектурасына сай: мектеп кіре берісінде пандустар мен ұстап жүретін сүйемелдермен жабдықталған. Инфрақұрылым объектілеріне даму мүмкіндігі шектеулі балаларға кедергісіз кіруіне.
Арнайы жұмыс орны баланың қажеттілігіне сай оқу жиһазы, жеке парта және «Вертикализаторлар» мен «Жираф» орындықтармен қамтылған. Релаксация үшін ойын бөлмесінің құралы - сенсорлы кабинет пен ойын залы жабдықталған: шахмат пен шашкалары бар матрастар, дидактикалық тасбақа, змейка – шагайка, сенсорлы жолақ аяққа арналған, құрғақ бассейн, массажды жол, сенсорлы доп, түрлі-түсті найзағай, сенсорлы жинақтамамен қамтылған. Мектепте мүмкіндігі шектеулі оқушылардың жүріп-тұруына қолайлы лифт, мүгедек арбалары мен жүргіншектермен қамтылған.



* Оқыту мен тәрбиелеу үрдісі кезінде бағдарламалық әдіс - нұсқаулықтар: Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту барысында кешенді жалпы оқыту бағдарламасына сәйкес жүргізілуде. Оқыту әдебиеттік және негізгі пәндер бойынша бағдарламалармен қамтамассыз етілген. Электронды оқыту ресурстарын баланы тәрбиелеу мақсатында білім беру мекемесі және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметі пайдалануда. Мектеп кітапханасында - мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту барысында оқу оқулықтары дидактикалық материалдар, кешенді жалпы оқыту бағдарламасына сәйкес жүргізілетін оқу құралдары мен ғылыми әдістемелік әдебиеттерімен қамтылған.

*Педагогикалық ұйымдастыру жағдайы:
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту - тәрбиелеу үрдісінде бала өзін қолайлы әрі қауіпсіз аймақта сезіну мақсатында мұғалімдер мен мамандар тығыз байланыста жұмыс жасауда. Оқу және түзету мен тәрбиелеу үрдісі қатар жүргізіледі. Оқыту - тәрбиелеу үрдісіне балалар белсенді араласып, өзін басқа балалармен тең ұстайды. Оқыту-тәрбиелеу үрдісінде әр балаға жеке-дара жүргізілетін жұмыс түрлері қарастырылған.

*Мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің жетелеуі: Психологиялық - педагогикалық қолдау көрсету қызметінің мақсаты ағартушылық, диагностикалық және түзету шаралар кешенін жүзеге асыру арқылы оқушылардың нәтижелі оқуы мен әлеуметтенуі, оларды барынша дамыту үшін жағдай жасауға бағытталған білім беру үрдісінің барлық қатысушыларын психологиялық - педагогикалық қолдауды ұйымдастыру болып табылады . Бұл үшін қарастырылған: Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мақсатында штаттық сабақ кестесінде мамандардың барлығы жеке дара жұмыс жасайды (жетелеуші мұғалімдер, дефектолог, логопед, психолог, әлеуметтік - педагог, ЛФК, олигрофенопедагог). Психологиялық – медициналық - педагогикалық комиссияның шешімімен мүмкіндігі шектеулі оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің жеке дара түзету жұмыстары және жоспары ұйымдастырылды.



*Кадрлық жағдайы: Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту - тәрбиелеу мақсатында мектепте арнайы жоғарғы білімді мамандар мен мұғалімдер, басшылармен қамтылған. Мектеп қызметкерлері үздіксіз өз білімін жетілдіру мақсатында арнайы курстарға барып отырады. Қазіргі таңда 2 дефектолог,2 логопед, 1 сурдопедагог, 1 педагог-психолог және 1 ЛФК маманы мен қоса 37 тәрбиеші жұмыс жасайды.

Мектептегі инклюзивті білім беру сыныптарына облыстық психологиялық – медициналық -педагогикалық комиссия кеңесінің (ОПМПК) қорытындысы негізінде, ата-аналардың өтініші бойынша және Білім басқармасымен бекітілген құжаттар бойынша қабылданады.
Әр сыныпқа қабылдау кезінде оқушының барлық денсаулық деңгейі тексеріп, ата-анамен және оқитын сыныптың барлық ата-аналарымен психологиялық дайындық жұмыстар жүргізілді. Сыныптағы оқушылардың саны 1-немесе 2 оқушыдан аспауы керек, 1 оқушы 3 оқушының санымен теңестірілген. Әйтсе де толық оқу бағдарламасын игеріп кету мүмкін емес, себебі біреуінің қолы қимылға келмесе, біреуі толық сабаққа қатысу уақыты шектеулі. Сондықтан мұғалімге оқу үдерісінде жоғары нәтижеге жету үшін әрбір оқушыға көңіл аударып, оқушыға психологиялық қолдау көрсететін жетелеуші мұғалімдер мен бірігіп жұмыс жасайды. Жарты жыл бойына психологиялық – педагогикалық қолдау көрсететін қызметінің қосалқы көмегімен жұмыстар жүргізіліп отырды.
2018 – 2019 оқу жылында жоспарланған оқу – тәрбие жұмыстары бойынша – оқу – тәрбие жұмыстары жыл бойына іске асырылып отырды. Атаулы мереке күндері, тәрбиелік мәні зор тәрбие сағаттары мен сыныптан тыс іс - шараларға даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларда қатысып өз өнерлерін, қабілеттері мен білімдерін шыңдауда.
№ 65 мектеп - гимназиясындағы «инклюзивті білім» алып отырған оқушылар үнемі үздіксіз педагогикалық-психологиялық қолдау көрсететін мамандардың көмегінен басқа дәрігерлердің бақылауында болады. Олар мемлекет тарапынан қарастырылып отырған емдік іс-шараларды комплексті түрде қабылдап, жақын - алыс шетел мамандары мен дәрігерлермен кездесіп, мамандардан жүріп-тұруында қиындық тудыратын балаларға арналған кеңес – нұсқауларын алып отырады. Инклюзивті білім алып отырған оқушылар үнемі үздіксіз педагогикалық-психологиялық қолдау көрсететін мамандардың көмегі және сынып жетекшілер, пән мұғалімдердің жітік бақылауында жүрудің арқасында оқу – білім деңгей көрсеткіші жақсы деген бағамен бағалануда.




Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясында инклюзив сынып оқушыларымен «Болашаққа бағдар» тақырыбында жүргізілген психологиялық тренинг бойынша хаттама

Өткізілген күні: 26.02.2019ж

Қатысты: 6-9 инклюзив сыныптардың оқушылары

Тақырыбы: «Болашаққа бағдар»

Тренингке қатысқан оқушы саны: І ауысымда – ІІ ауысымда

Мақсаты:

-         Жасөспірімдерді мамандықтардың категорияларымен таныстыру;

-         Балаларға мамандық бойынша  бағдар алуда қолдау көрсету, өз қалауларын анықтауға көмек беру;

-         Сирек кездесетін мамандықтардың қызмет саласымен, мақсат-міндеттерімен таныстыру;

Барысы:

Кіріспе бөлім

Оқушылармен сәлемдесу, бүгінгі тренингтің тақырыбымен және мақсат-міндетімен таныстыру.

Негізгі бөлім

1)    Жасөспірімдерден таңдаған мамандықтары жайлы мағлұмат сұрау.

2)    «Мамандық иесін тап» ойыны.

Ойын шарты: Қатысушыларға жеребе ретінде мамандық иелерінің аты жазылған кағаздар таратылады. Әр бір қатысушы отырғандарға сол кағаздағы мамандық иесін мимика, пантомимика не болмаса сұрақтар қою арқылы жасырады.

3)    Оқушыларды командаларға бөліп өз тақырыптарына сай ортақ 1 сурет салғызылды. Ал, ІІ ауысым оқушыларына мамандық иелерінің дайын суреттері таратылып, оларды бояуы тапсырылды.

Қорытынды:
Оқушыларға бүгінгі тренингтен не үйренгені және ұнағаны жайлы сұрақтар қойылды.






Сілтемелер

 

Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы



Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
 Қазахстан 
Республикасының
 
Президенті







edu.gov.kzmin_obrazvonija.png

 

bilim_upravlenie.png

komitet_po_ohrane_detei.jpg


olimpiadi.png


daryn.jpg


 

Статистика


  • Осы айда 924
  • Осы аптада 212
  • Кеше 26
  • Бүгін 22
  • Онлайн 2
65 мг 2018ж.

Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015-2016 год