Меню KDT
logo.jpg?_=1567592019

 НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ  "№65 МЕКТЕП - ГИМНАЗИЯ" КММ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

Мәзір

Мектеп директоры: Елекеева Нургуль Жаксыбековна
Қабылдау күндері:
Сейсенбі: 11.00-13.00
Бейсенбі: 17.00-19.00

Бәрі

Байланыс

Адрес:
Ш.Қосшығұлұл, 18/1 ғимарат 

Байланыс:
Қабылдау бөлімі: +7(7172)728703,
Вахта: +7(7172)728704


   №2,7,13,32,34,50,73,102,105

Аялдама:
"№65 мектеп-гимназия"

Сауалнама

Оцените школьный сайт:

Дауыс беру

    Үйде оқитын балалар санын жалпыбастауыш, жалпынегізгі және жалпы орта білім бағдарламасы бойынша үйде оқытылатын мүгедек балалар құрайды. Биылғы 2014-2015 оқу жылында  уйде оқитын балалар саны 16 оқушыны құрайды.Пән мұғалімдері оқушыларды бөлінген сағаттар бойынша үйде оқытады.
    Оқушылардың бүл категориясы денсаулық мүмкіндігі шектеулі (саңырау, нашар еститін, соқыр, нашар көретін, сөйлеу қабілеті ауыр түрде бүзылған, тірек-қозғалыс аппаратты бұзылған және т. б.)  балалар­ды  қамтиды.
    Адамзат техниканыңқарқынды дамуы арқасында жаңа дәуірге аяқ басты, компьютерлер, интернет,  мультимедиа біздіңөмірімізге шапшаң еніп үлгерді.Білім беру жүйесін ақпараттандырудың жоғары қарқыны, телекоммуникациялық технологиялардың дамуы мен Интернеттің жаһандық желісі айрықша талаптары бар балалар алдынан білім алуда жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Мұндағы неғұрлым тиімді жұмыс формаларының бірі дистанциялық оқыту болып табылады.Осындай жұмыс формасы  үйде оқитын оқушыны сынып оқушыларымен онлайн режимінде қарым-қатынас жасату арқылы,білім беру  біздің мектебімізде де  қолданылуда.
     Инновациялық технология онлайн сабақтарды  жүзеге асыруда  интеллекті сақталған, дамуында күрделі ауытқулары жоқ балалармен ұйымдастырылған.
     Дистанциялықоқыту тікелей білім беру ұйымы тарапынан атқарылады. Балаларды оқытыпүйрету штат құрамында бар, мектепте негізгі немесе қосымша жұмыс орыны бойынша қызмет ететін мұғалімдер тарапынан жүзеге асырылады.
Бұл орайда білім беру ұйымының мүгедек балаларды дистанциялық оқыту ісін ұйымдастыруға байланысты қызметіне әдістемелік тұрғыдан қолдау керсетіледі.
   Міндеті: 
  • оқушылардың, соның ішінде денсаулық мумкіндігі шектеулі балалардың ойдағыдай әлеуметтенуі үшін бірқатар біліктілік қабілетін қалыптастыру.
  • білім беру процесін үйымдастыру;
  • оқушыларға, мұғалімдерге, оқушылардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) оқу-әдістемелік көмек ұйымдастыру;
  • мүгедек балаларды есепке алу ісін жүргізу (инновациялық технологияларын пайдалану арқылы оқушыларды үйрету);
    Дистанциялық оқытуды ұйымдастыру үшін мүгедек балалардың тұратын орындарын және мұғалімдердің жұмыс орындарын Интернетке қосу, сондай-ақ оларды компьютерлік техникалар,цифрлық оқу жабдықтары, оргтехникалар, бағдарламалық қамтамасыз ету тетіктері жинақтамаларымен қаматамасыз етілген.
     Мүгедек балаларды, олардың ата-аналарын (заңды өкілдерін) және мұға- лімдерді дистанциялық оқыту барысында жабдықтар жинақтамасын қол- данудың әдіс-тәсілдері уйретілген. Сондай-ақ, оларға білім беру процесін ұйымдастыру мен техникалық қамтамасызетуге байланысты әр түрлі мәселелер төңірегінде қол жетімді консультациялық қызметтер ұсынылған.
    Осымен қатар балалар мен мұғалімдердің жұмыс орындары техникалық қызмет көрсету жүйесімен қамтамасыз етілуі, жабдықтар жинақтамасының жұмысындағы ақаулықтар оперативті түрде ретке келтіріліп, қажет болған жағдайда - бұзылғандары мүмкіндігінше қысқа мерзімде ауыстырылып тұрады. Білім беру процесін ұйымдастыру ісінде үзіліс болмауы қарастырылып отырады.
     Мұғалімдердің жұмыс орындары Бұл варианттың артықшылығы сол, дистанциялық формада сабақ ұйымдастыру және оны өткізу мұғалімнің міндетті түрде білім беру ұйымында болуын талап етпейді, сондықтан ол оқу процесін неғұрлым икемді, тиімді етіп жоспарлауына мүмкіндік алуды.
    Оқыту формасы мен оқушылардың оқу жүктемелері көлемі балалардың психофизикалық даму ерекшеліктеріне, жеке мүмкіндіктеріне және денсаулық жағдайына байланысты белгіленіп отырады.
    Практика көрсетіп отырғандай, дистанциялық оқыту технологияларын пайдалану арқылы дәріс беру мүгедек балалардың білім алу мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді, оқушылардың жалпы бастауыш, жалпы негізгі және жалпы орта (толық) білімін қамтамасыз етуге мүмкіндік беруде.

 

Сілтемелер

 

Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы



Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
 Қазахстан Республикасының 
Президенті



 




edu.gov.kzmin_obrazvonija.png

 

bilim_upravlenie.png

komitet_po_ohrane_detei.jpg


olimpiadi.png


daryn.jpg


 

Статистика


  • Осы айда 454
  • Осы аптада 44
  • Кеше 5
  • Бүгін 1
  • Онлайн 0
65 мг 2018ж.

Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015-2016 год