Меню KDT

Жаңалықтар

«Сап түзеп, ән айту» қалалық байқауы


Астана қаласының Ішкі Істер департаменті және Білім Басқармасы бірлесіп, 2014 жылғы 7 ақпанда «Сарыарқа» ауданы бойынша №68 орта мектепте балалардың жолда жүру кезіндегі жарақаттың алдын алу мақсатында өткізген «Сап түзеп, ән айту» қалалық байқауына біздің мектептің «Қиылыс» атты жас жол инспекторлары қатысты.


«Сап түзеп, ән айту» қалалық байқауына

Жол қозғалысының жас инспекторлары

«Қиылыс» жасағының қатысуы

Астана қаласының Ішкі Істер департаменті және Білім Басқармасы бірлесіп, 2014 жылғы 7 ақпанда «Сарыарқа» ауданы бойынша №68 орта мектепте балалардың жолда жүру кезіндегі жарақаттың алдын алу мақсатында өткізген «Сап түзеп, ән айту» қалалық байқауына біздің мектептің «Қиылыс» атты жас жол инспекторлары қатысты. Байқауға 33 мектептің жас инспекторлары белсене ат салысты. Қатаң да, қатал әділ қазылар алқасы осы жас инспекторлардың киім үлгісіне, командирдің бұйрығын орындауына, сап түзеуіне және ән салуына баға берді.

 

Балалардың жол-көлік травматизімін болдырмау жұмысында қосқан үлестері және жас жол инспекторларының «Сап түзеп, ән айту» сайысына қатысқаны үшін Астана қаласы Ішкі Істер департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы «Алғыс хат» тапсырды.


557 просмотров

Добавлено: 13.02.2014 в 15:00