Меню KDT

Жаңалықтар

11-12 жастағы қыздардың аналарына жиналыс өтті.


2014 жылғы 20 ақпан күні акт залында 11-12 жастағы қыздардың аналарына адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялауды қайта бастау туралы жиналыс өтті. Жиналыста мектеп дәрігері Қайыркенова Ақлима Қайыркенқызы Республика көлемінде жатыр мойны обырымен ауыратын әйелдер санына және олардың себептеріне тоқтала келіп, қыздарды вакцинациялау қажет екенін түсіндіріп берді.


2014 жылғы 20 ақпан күні акт залында 11-12 жастағы қыздардың аналарына адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялауды қайта бастау туралы жиналыс өтті. Жиналыста мектеп дәрігері Қайыркенова Ақлима Қайыркенқызы Республика көлемінде жатыр мойны обырымен ауыратын әйелдер санына және олардың себептеріне тоқтала келіп, қыздарды вакцинациялау қажет екенін түсіндіріп берді. АПВ-ға қарсы вакцинациялауды қалалық балалар ауруханаларының базасында ерікті негізде, вакцинациялау жүргізуге ата-аналардың ақпараттану келісімімен ғана егулерді жүргізу қағидасы бар екенін еске салды. Ата-аналар мен оқушылар арасында алдын ала сауалнама жүргізілді.  6 «м» сынып оқушысы Есенова Мираның анасы Бекпаева Жанна Жеңісқызы мектеп әкімшілігіне және дәрігерге осындай түсіндіру ақпаратын бергендеріне рахмет айтып, өзінің осы вакцинацияға деген көзқарасын білдірді. Обырдың алдын алу және пациент өмірінің сапасын жақсарту, яғни қатерлі ісіктен сақтап қалу – медициналық қоғамдастықтың басты міндеті дей келе, өзінің осы вакцинацияға әлі де күмәнменен қарайтынын айтты.
 

537 просмотров

Добавлено: 20.02.2014 в 17:40