Меню KDT

Жаңалықтар

Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Наполеон. Өмір, аңыз» атты көрмесінде болып қайтты.


Астана қаласы № 65 мектеп-гимназиясының  8-9 сынып оқушылары  2014 жылдың  ақпан  айының 14-і күні тарих пәнінің мұғалімдері Абдилова Ж.Т., Рахметова А.А. жетекшілігімен Тәуелсіздік сарайында  өтіп жатқан «Наполеон. Өмір, аңыз» атты  көрмесінде  болып қайтты.


 

Астана қаласы № 65 мектеп-гимназиясының  8-9 сынып оқушылары  2014 жылдың  ақпан  айының 14-і күні тарих пәнінің мұғалімдері Абдилова Ж.Т., Рахметова А.А. жетекшілігімен Тәуелсіздік сарайында  өтіп жатқан «Наполеон. Өмір, аңыз» атты  көрмесінде  болып қайтты. Оқушылардың тарих пәніне қызығушылығын арттыру мақсатында көрме соңынан «1812 жылғы  Ресейдің  Отан  соғысы.  Қазақтардың 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы» тақырыбында сабақ ұйымдастырылды. Бородино шайқасы – орыс және француз әскерлері арасында 1812 жылы 7 қыркүйекте (ескі нұсқа бойынша 26 тамызда) Мәскеудің батысынан 125 шақырымдағы Бородино селосында  болған  ең  ірі  шайқас.1812 жылы 7 қыркүйекте таңның атысымен  Бородино шайқасы басталып  кетті. 6 сағат бойы орыс әскерлері қарсыласының жойқын шабуылдарына тойтарыс берумен болды. Екі жақтың шығындары да көп еді. Орыс әскерлері 38 мыңнан астам, ал француздар 58 мыңдай жауынгерден айрылды. Наполеон әскерінің қалдықтары Ресейден түпкілікті  қуылды. Бородино шайқасы XIX ғ. ең қанқұйлы шайқастардың бірі болып  табылады. Ең қарапайым есептеу бойынша шайқастың әр сағатында соғыс даласында 2500 адамнан қаза болып отырған. Қазақ  жауынгерлері туралы генерал-лейтенант, атақты  ақын Денис Давыдов күнделігіне  былай  деп  жазған: «Олар  өте бойшаң емес, сіңірлі, жүздері  қоладай тотық­қан, шаштары  қарғадан да қап-қара, көзқарасы  қырандай өткір. Шалт  мінезді, тез тұтан­ғыш, бас бермес  асау, жүзіктің  көзінен  өтердей   епті, көзді  ашып-жұмғанша тез шешім  қа­был­дайды. Ұлттық  киімдерін  киген, қылыш, садақ, семсер, қазақы  білтелі  мылтық­­пен   қа­руланған. Еуропалықтарға  таң­сық  осы түрімен  олар француз солдаттарының  зәре-құтын қа­шыратын».

Қазақтар  башқұрт, казак полктарында  ұрысқа  қатысқан. Башқұрт  полкінде   болған  Нарынбай  Жанжігітұлы  асқан  ерлігі   үшін Георгий орденінің  толық  иегері  болды. Нарынбайдың  досы  Әмен  Байбатырұлы  екеуі 1814 жылғы  18 наурызда Парижге  кірген  башқұрт  полкінің  алғашқы    қатарында  болған.Қазақ Яков (Жақып) Беляков 3-Орынбор полкінің  құрамында  орыс-түрік  соғысына  қатысқан, Кутузовтың  қолынан орден алған. Веймар қаласында атақ­ты ақын И. В. Гетемен кездес­кен кезде қазақтар оған жебесі мен садақ және сазсырнай сый­лапты. Оқушылар Наполеон Бонапардты тек қолбасшы емес, сондай-ақ  жеке өмірімен, адамгершілік  қасиеттерімен  толық танысып, қазіргі Франция мемлекетінің дамуына үлесін қосқан реформатор ретінде білді. Көрмеден алған әсерлерін оқушылар ортаға салды.

 daulet_alimbekov@mail.ru

 

 


949 просмотров

Добавлено: 15.02.2014 в 15:00