Меню KDT

Жаңалықтар

Әз Наурыз-табиғаттың жаңаруы


«Әз Наурыз-табиғаттың жаңаруы» атты №65 мектеп-гимназиясында Мерекелік іс-шара өтті. Бағдарлама бойынша бүкіл мектеп оқушыларының барлығы өздерінің жас ерекшелігіне сәйкес қамтылып, бес кезеңмен өткізілді.


«Әз Наурыз-табиғаттың жаңаруы» атты №65 мектеп-гимназиясында

Мерекелік іс-шара өтті. Бағдарлама бойынша бүкіл мектеп оқушыларының барлығы өздерінің жас ерекшелігіне сәйкес қамтылып,  бес кезеңмен өткізілді. Халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерінен көрініс көрсетіліп,ұлттық ойындар ойналды. Мектеп оқушылары асық ату,арқантартыс, тоғызқұмалақ, белбеу тастау ойындарына белсене қатысты. Мектеп-гимназиясының  дене тәрбиесі  пәні мұғалімдері  Қыдыргелдин Б.  С.,Жингилбаева А.А,Искаков А.А.,Мамаев А.А.,Әселбек Құттыбек жас ерекшелігіне сәйкес оқушылардың  ұлттық  ойынға қатыстырылуына ерекше назар аударды. Қазақ тілі пәні мұғалімдері  Бекмұхамбетова Г.Р., Қажыбаева К.Ж. ,Өтегалиева М.М. ,Тасымова Г.Қ. ,Мухарова Л.Б. оқушылардың халықтық салт-дәстүрді ардақтай білуге арналған іс-шаралардың ұйытқысы бола білді.Сынып жетекшілері оқушылардың өз қолынан жасаған бұйымдары мен ұлттық тағамдарды жәрменкеге шығарып, қайырымдылық іс-шараларын іске асырды. Мектеп оқушыларының арасынан жас таланттарды іздеп тауып, олармен жүйелі жұмыс жүргізуде  түзету сыныптары  мұғалімдерінің еңбектері  ерекше болды.Наурыз мерекесінің ойдағыдай өтіп, мектеп ата-аналарының, оқушыларының, ұстаздарының жылы лебізіне ие болуына өздерінің үлестерін қосқандар :қазақ тілі мен әдебиет пәнінің әдістемелік бірлестігінің жетекшілері:Бекмухамбетова Г.Р.,Қажыбаева К.Ж.және мектептің хореографы Нұғметова С. С.,музыка пәнінің мұғалімі Қарамурзина Ж.Г. , физика  пәнінің мұғалімі Смагулов Н.К.


567 просмотров

Добавлено: 15.03.2014 в 15:00