Меню KDT

Жаңалықтар

Жырлайды жүрек


14 наурыз күні қазақ халқының  ақиық ақыны  Мұқағали Мақатаевка арналған «Жырлайды жүрек»  атты тілдесу кеші болып өтті. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын  5, 9, 11сынып оқушылары  театрландырылған  көріністі  шебер сомдап шықты.


14 наурыз күні қазақ халқының  ақиық ақыны  Мұқағали Мақатаевка арналған «Жырлайды жүрек»  атты тілдесу кеші болып өтті. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын  5, 9, 11сынып оқушылары  театрландырылған  көріністі  шебер сомдап шықты. Ақын поэзиясынан үзінділер, өлеңдері оқылды. Кештің ерекшелігі Мұқағалидың өлеңдеріне бірнеше әндер жазған жергілікті сазгерлер Ерсайын Нарынбаев, Сламқожа  Жұмабайұлы, Қайрат Темірғали ағаларымыздың қатысуымен әндері орындалды.  Кешке арнайы шебер әншілер: Ғалия Аронқызы, Рүстем Жүгінісов, Жанар Жолдасова, Аслан Қанапин, Алтынай Ақшалова, Рахат,  Бауыржан, Жалғас сияқты әншілер де ат салысты. Кештің мақсаты Мұқағали Мақатаевтың өмірімен тереңірек таныстыру, ақын шығармаларының идеялық -көркемдік мазмұнын ашу, өлеңді жатқа оқуға дағдыландыру. Ақиық ақынның жыр-әндерін болашақ  ұрпақтың  жүрегіне жеткізе отырып,  дарынды  жастарды тәрбиелеу, ел болашағы саналатын жастарға қолдау жасап, шығармашылық  деңгейін көтеру, өлең оқудағы шеберліктерін шыңдап өнерін дамыту. Ақын   шығармашылығына арналған  кітап  көрмесі де  ұйымдастырылды. Өткізген №1музыка мектебінің мұғалімі домбырашысы Нұрлыбаева Аида Керимбаевна, мектеп  кітапханашысы  Абильдина Асия Сабитовна.  


674 просмотров

Добавлено: 17.03.2014 в 15:00