Меню KDT

Жаңалықтар

«Отбасы тәрбиесі» тақырыбында педагогикалық кеңес

31.03.2014 жылы мектебімізде «Отбасы тәрбиесі» тақырыбында педагогикалық кеңес болып өтті.  Тәрбие жөніндегі директор орынбасары Аблкаирова А.Б. ІІІ тоқсан бойынша тәрбие жұмысына есеп берді және «Отбасы мен мектеп» тақырыбында баяндама жасады. Осы тақырыпты әрі қарай мектеп психологы Исаева М.Н. алдын ала шақырылған ата-аналармен және мұғалімдермен семинар-тренингпен жалғастырды.

Мақсаты: Ата-ана мен бала арасындағы, отбасындағы өзара қарым-қатынас, психологиялық ахуалды анықтау.

 «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Ата-ана балаға әр кезде үлгі өнеге болуы керек. Әке-шешенің жеке басты үлгі-өнегелері баланың дұрыс тәрбиелеуінің ең ықпалды құралы болып саналады. Манура Нұрлановна ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас тұстарын анықтауға мүмкіндік беретін төмендегідей тренингтік жаттығулар жасады.

«Отбасы суреті гүлдер бейнесінде»

Берілген ақ қағаз бетіне өз отбасыңыздың мүшелерін бейнелеңіз. Сурет салу барысында түрлі-түсті қарындаштар, фломастерлер пайдалансаңыздар болады. Қорытындысы ата-анамен жеке жұмыс барысында айтылады.

Психологиялық жаттығу : «Үй» Параққа үйдің суретін салу. Салған үйіңіздің 6 терезесі болу шарт. Үйді салып болсақ , енді сол терезелерге өз отбасыларыңыздың мүшелерін орналастырыңыз. (Өз отбасыларын таныстырады)

Қатысушылардың салған суреттеріне қарап, қорытынды жасады. Ата-аналардың үлгі-өнегесінің тәрбиелік мәні балаларға тән үлкендерге, олар тарапынан жасалатын жақсы игілікті іс-әрекеттерге еліктеушілікпен туындайтынын айта келе, барлығын, саналы тәлім-тәрбие, бала жасынан еңбекке баулуларына, жан тазалығына, биік адамгершілік қадір касиеттерге талаптандыруларына, баланың еркін, саналы, жігерлі, мығым, намысшыл, басқаларға мейірімді, адал да таза тұлға ретінде қалыптасуларына ат салысуға шақырды.
674 просмотров

Добавлено: 01.04.2014 в 15:00