Меню KDT

Жаңалықтар

Азаматтық қорғаныс күні


№65 мектеп–гимназиясында  2014 жылдың 5 сәуірінде АҚ  айлығы іс-шаралар  жоспарына сәйкес Азаматтық қорғаныс күні өткізілді. Бұл мереке әлемдегі сан алуан елдердің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алуға барлық күшті біріктіру, халықты, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар  қызметтерін болуы мүмкін тосын оқиғаларға дайындауға бағытталған халықаралық акция болып табылады.


№65 мектеп–гимназиясында  2014 жылдың 5 сәуірінде АҚ  айлығы іс-шаралар  жоспарына сәйкес Азаматтық қорғаныс күні өткізілді. Бұл мереке әлемдегі сан алуан елдердің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алуға барлық күшті біріктіру, халықты, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар  қызметтерін болуы мүмкін тосын оқиғаларға дайындауға бағытталған халықаралық акция болып табылады. Осыған  орай алдын ала директор алдындағы жиналыста мектеп АӘД пәнінің мұғалімі Носиев Қажымұрат Носиевич мектеп әкімшілігін жоспармен таныстырды. Атқарылатын  тиісті шараларды өткізу міндеті жүктелді. АҚ күн сап түзеу және оны ашумен басталды. Осы шаралар қарсаңында тәрбие жұмысы орынбасарлары Аблкаирова А.Б., Тұрғамбекова О.М. сынып сағаттары мен қабырға газеттерін шығаруын ұйымдастырды. Жоғары сынып оқушылары арасында өмір қауіпсіздігі негіздері бойынша жаттығу сабақтары (газтұмылдырық, ОЗК), әскериленген эстафета және де Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің инспекторы Тергембаева Кенжегүл Ильясқызы шақырылып, «Бүгінгі замандағы Азаматтық қорғанысқа қойылатын талаптар» тақырыбында дәріс оқыды. Әскериленген эстафета қызықты және қызушылықпен өтті. Осы жоспар бойынша эвакуациялауды бастауға дыбыстық дабыл беріліп, кезекті оператор Қ. Носиев радиотораптан өрт қауіптілігін хабарлады. Мектеп ұжымы мен оқушылар тез арада мектеп ауласындағы қауіпсіз жерге көшірілді. Астана қаласы №5 мамандырылған өрт бөлімінен өрт сөндірушілер келіп, оқу-жаттығуларын жүргізді.
 «Азаматтық қорғау және зілзалалардың қауіп-қатерлерін болдырмау үшін азаматтық қоғамды дайындау» тақырыбында  өткізілген  Азаматтық қорғаныс айлығы  қорытындыланды.

692 просмотров

Добавлено: 07.04.2014 в 09:00