Меню KDT

Жаңалықтар

Ағылшын тілі сабағында оқушылардың сөйлеу мәнерін ойын арқылы дамыту


Оқушының  шетел  тіліндегі сөйлеу  қабілетін   жетілдіру  мектепте  берілетін бүкіл  білім  мазмұнының   негізгі  мақсаты  болып  табылады. Өйткені мұғаліммен, оқулықпен  және  басқа  оқушылармен  қарым –қатынас  барысында  оқушының  дүниетанымы  кеңейеді. Оқушыларды  сөйлеуге, тілдік  қарым –қатынасқа  екі  адамның  өзара  іс- әрекеті  ретінде  қарауға  тәрбиелеу  тек  пәнді   оқытуды   түбегейлі   түрде  өзгерту , жаңарту  арқылы іске  асады.


Оқушының  шетел  тіліндегі сөйлеу  қабілетін   жетілдіру  мектепте  берілетін бүкіл  білім  мазмұнының   негізгі  мақсаты  болып  табылады. Өйткені мұғаліммен, оқулықпен  және  басқа  оқушылармен  қарым –қатынас  барысында  оқушының  дүниетанымы  кеңейеді. Оқушыларды  сөйлеуге, тілдік  қарым –қатынасқа  екі  адамның  өзара  іс- әрекеті  ретінде  қарауға  тәрбиелеу  тек  пәнді   оқытуды   түбегейлі   түрде  өзгерту , жаңарту  арқылы іске  асады.

Жалпы  білім  беретін  мектепте  шетел тілін  практикалық  тұрғыда  меңгеруге  үйреткенде   оқушыларды   өз бетімен  жұмыс  істеуге  баулу,  алған  білімін, икемділік  дағдыларын    жаңа   жағдайларға   тап  болған кезде, шығармашылықпен  қолдана  білуге   машықтандыру   көзделеді.  Оқушылардың  білімін   арттыру  олардың  жалпы  дүниетанымын   кеңейту  мақсатында жүзеге  асырылады.   Осы  мақсатпен   анықтама әдебиеттерді  пайдалану, мәтін  мазмұнын  өз  бетімен  түсінуге  бейімделу  және  оның  кейбір  жерлерін   түсіндіргенін  қысқаша   айтып  беру, шағын  хабарлар  дайындау және  өз пікірін  айтып,  баға  беру  сияқты   әрекеттерге  дағдыланудың  маңызы  зор. Шетел  тілі  пәні  оқушылардың  жан -жақты  дамып  жетілуіне,  дүниеге  көзқарасының  қалыптасуына,  өз  бетінше  білімін  көтеруге   ұмтылуын  дағдыға  айналдыруына   игі  әсер  етеді.  Шетел  тілін  оқып  үйрену барысында   өз  сөзін  жоспарлай  білуге  икемделеді,  сөз  әдептерін   дұрыс  пайдалануға  дағдыланады. Шетел  тілін  мектепте  оқытудың  шарттарын  ескере  отырып, оқушылардың  мектепті  бітіргеннен  кейін  де  шетел  тілін  оқып, түсіне білу  қабілетін   қалыптастыруға   мән  берілуге  тиіс. Осыған  орай   шетел  тілін  мектепте  оқытудың  практикалық  мақсатын   жүзеге  асырудың   алғы  шарты  оқыту әдіс тәсіліне,  коммуникативтік бағдар  беруге   назар  аударылады.

Мектеп  жасына  дейінгі   балалардың  басты  іс  әрекетінің  бірі ойын . Мектепте  оның  орнына  басты  іс -әрекет  түрлі  болып  оқу  әрекеті  кіреді.  Бірақ  мектепте  ойынды   сабақтан  мүлде  бөліп  қарауға  болмайды. Жалпы  орта  білім  беретін  мектептердегі  шетел тілдерін  оқыту  тұжырымдамасында  төменгі  және  ортаңғы  сатыда, тіпті  жоғары  сатыда да сабақта  ойындар  мен  ойын  элементтерін  кеңінен  қолданған  тиімді   болатыны  көрсетілген.  Шетел тілінде  сөйлеуді,  қарым  -қатынасты  жасауды, коммуникатциялауға  үйретуді  ниет  еткен  әрбір  мұғалім  өз  сабақтарында  жаттығулардың   бір  түрі ретінде  ойындарды  қолданылатыны  сөзсіз.  Ойындарды  жаңа  тілдік  материалдарды бекітуге, сабақты  қызықты  өткізуге, шәкірттердің  тілге,  деген  қызығушылығын   арттыруға, білім деңгейін  тексеру  құралы  ретінде   пайдалануға  болады.

Сонымен  қатар  сабақтан тыс  ертегі әлеміне саяхат сабақтарында  оқушылар  өз  өнерлерін  көрсете білді. Атап  айтатын болсам  09.04.2014 ж  біздің мектептің  оқушылары № 70 мектепке барып Уиллиам  Шекспирдің 450 жылдығына орай  өткізілген  іс- шараға  қатысып өз өнерлерін көрсете білді. Қабілетсіз  бала  болмайды оны ашу, байқау  әрине мұғалімнің  жұмысы екені анық. Осы балалармен тынбай  жасаған  жұмысымның  нәтижесін  көріп қуандым.  5 «а» сынып оқушылары өздерінің  ағылшын  тілінен  алған  білімдерін  көрсете білді. Атап айтатын болсам олар

1)    Асылбекова Айдана

2)    Атемкулова Томирис

3)    Байзакова Алина

4)    Жанадил Лаура

5)    Қали Ринат

6)     Мадинова Жібек

7)    Серік Ернар

8)    Туктибаев Берік

Осы оқушылар «Бауырсақ» ертегін  ағылшын  тілінде  қатесіз өзге тілде  көрермендер  мен қазылар  алқасына  жеткізе білді.  Өте жақсы деген  марапаттауларға ие болды. Сонымен қоса әр оқушыға  ағылшын тілі  курсына 1айға  25 пайыз  жеңілдік  сертификаттарын ұтып алды. Ең актерлік  шеберлігін  көрсеткен оқушыларға 50 пайыз жеңілдік  сертификаты табысталды. Ол №65 мектеп –гимназиясының  5 «А» оқушысы Серік Ернар  марапатталды.  Осылай біздің  оқушыларымыз өз  өнерлерімен, шеберліктерін  көрсете білді.Сонымен қоса  ағылшын  тілі  пәнінің  мұғалімі  Сәрсенова  Алтынкүл  Бейсенқызына   осындай  жақсы  ертегісін  дайындап  шығарған  үшін  сертификат  табысталды. Әлі де  биіктерден  көрінеміз  деген  үміттеміз. Тек  жұлдызымыз  жарық, биік  болсын  дегім  келеді.


769 просмотров

Добавлено: 10.04.2014 в 15:00