Меню KDT

Жаңалықтар

«Жас Ұлан мен Жас Қыран» ұйымына қабылдау


№65 мектеп-гимназиясында желтоқсанның 13 күні «Жас Қыран» мен 14 күні «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдаудың салтанатты жиыны болып өтті.


         «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанған оқу үздіктері, «Жас Ұлан» оқушылар ұйым қатарына өте отырып, өз Отанының патриоты болуға, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, туған елін, жерін мақтаныш етуге, ата-анасын қадірлеп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, білімге табандылықпен ұмтылуға, салауатты өмір салтын сақтап, табиғатты аялауға, «Жас Ұлан ережесін бұлжытпай сақтауға салтанатты түрде ант етті.» Ант берген оқушылар «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылданды. «Жас Қыран» ұйымына: 135 оқушы, «Жас Ұлан» ұйымына: 80 оқушы қабылданды. Ұйымға қабылданушыларға төсбелгі және галстуктерді табыстау рәсімін мектебіміздің директоры Альжанов Адильбай Шораұлы, арнайы шақырылған қонағымыз тарих ғылымдарының докторы, профессор, сенатор Мурат Бахтиярұлы,  тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Шамуратова Рысжан Шерниязовна, Ақылбай Дулат Бейсенбекұлы, тәлімгерлер Кабидоллаева Нургуль Габитовна, ұстаздар ұжымы және мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйым мүшелері мен арнайы шақырылған 80 мектеп-гимназиясының  өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері табыстады.

                                              

                                              ант кабылдау

                                              улан















455 просмотров

Добавлено: 15.12.2017 в 00:00