Меню KDT

Жаңалықтар

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру». Жайдарман.


13 ақпан күні «Дені саудың - жаны сау» тақырыбында  мектепішілік «Жайдарман», 17 ақпан күні серіктес мектептер арасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында  көңілді тапқырлар сайысы өтті.


       13 ақпан күні  №65 мектеп – гимназиясы қабырғасында «Дені саудың - жаны сау» тақырыбында мектепішілік «Жайдарман» ойындары өткізілді. Ойынға 11 команда іріктеліп шықты. Қарсылас  командалар   бір – бірімен тартысып, әзіл – қалжыңдарымен қоғамда орын алып жатқан өзекті мәселелерді әдемі жеткізе білді. Әділ қазылардың шешімі бойынша  «Бас жүлдені» 9 А-сынып оқушылары «Жас ұландар» командасы жеңіп алып, 17 ақпан күні №58 мектеп -  гимназиясында болатын ойынға жолдама алды.

                                                  

                                                 

       17 ақпан күні №58 мектеп – гимназиясында серіктес мектептер арасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  аясында  «Дені саудың – жаны сау» атты тақырыпта «Көңілді тапқырлар» сайысы өткізілді. Сайысқа №61 орта мектеп, №41 орта мектеп, №58 мектеп -  гимназия және №65 мектеп-гимназия қатысып, сайыс барысында тақырыпты керемет аша білгендігі үшін, актерлік шеберлігі үшін керемет ойын көрсетіп, №65 мектеп - гимназия  «65 жастар құрамасы» командасы Бас жүлдені жеңіп алды.
                                                         




516 просмотров

Добавлено: 19.02.2018 в 00:00