Меню KDT

Жаңалықтар

«Елін сүйген Елбасы»





Астана қаласының №65 мектеп-гимназиясында  2018 жылғы 26-29 қараша күндері 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы толық мәлімет беру, оқушылардың өз Отаның, туған жерін сүюге, қорғауға, құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында 9 - шы  сыныптар аралығында «Алғашқы Президент күніне» орай тарих бірлестігінің ұйымдастыруымен «Елін сүйген Елбасы» атты іс-шара өткізілді. Мектеп бойынша арнайы жоспар құрылып, сол жоспар бойынша «Елін сүйген Елбасы» тақырыбында дөңгелек стол өткізілді. Тарих пәнінің мұғалімі Ивинина А.Ж.  «Елін сүйген Елбасы» тақырыбында слайд-презентация көрсетіп , баяндама оқыды. Мектеп кітапханасында өткен бұл іс-шарада оқушылар баяндама оқып, кітаптар көрмесін ұйымдастырды. "Елімнің тұңғыш президенті" 5-6 сыныптарда, "Елін сүйген Елбасы" 7-8 сыныптарда,  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы" атты 9-11 сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілді. Мекебіміздің өзін-өзі басқару ұйымының оқушыларымен мерекелік концерт өткізілді.
Тәрбие ісі орынбасары Ақылбай Д.Б.


426 просмотров

Добавлено: 30.11.2018 в 17:25