Меню KDT

Жаңалықтар

Тіл мерекесі апталығы болып өтті


Мектебімізде 2019 жылдың 9-13 қыркүйек аралығында ұлт жанашыры, ақын, қазақ әліпбиінің атасы А.Байтұрсынұлының туған күні және 5-қыркүйек Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай Тіл мерекесі апталығы болып өтті. 


Мектебімізде 2019 жылдың 9-13 қыркүйек аралығында ұлт жанашыры, ақын, қазақ әліпбиінің атасы А.Байтұрсынұлының туған күні және 5-қыркүйек Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай Тіл мерекесі апталығы болып өтті. Апталық аясында қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі бірлестіктерінің ашық сабақтары, интеллектуалды-шығармашылық сайыстары болып өтті. Атап айтқанда, 5-6 сынып оқушылары "1001мақал, 101 жұмбақ" сайысында бақ сынаса, 7-8 сынып оқушылары "Мне нравится стихи А.Байтурсынова" атты байқауында ақын өлеңдерін жатқа айтудан жарысты. 9-10 сынып оқушылары кемеңгер ақын, тілтанушы А.Байтұрсынұлының еңбектерінен зерттеу жұмыстарын қорғап, өлеңдерін мәнерлеп оқудан сайысып, білімді, саналы ұрпақ екендерін дәлдеді. 






349 просмотров

Добавлено: 17.09.2019 в 23:35