Меню KDT

logo.jpeg?_=1603470867

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ "№65 МЕКТЕП - ГИМНАЗИЯ" КММ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!
  • ru
  • kz
  • en
  • Все новости

    Категории

    «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы туралы»

    «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы туралы» Бүгін мектебімізде «Тұңғыш Президент» күніне орай «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы туралы» тақырыбында Жалпыреспубликалық ашық сабақтар өтті. Сабақтың мақсаты: оқушылардың бойында Ұлт Көшбасшысының ҚР тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы мен дамуындағы рөлі туралы түсінік қалыптастыру, қазақстандық патриотизмді, белсенді азаматтық ұстанымды, көшбасшылық қасиеттерге тәрбиелеу. Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушылары арасында «Елін сүйген Елбасы» мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыста үш тілде өнер көрсеткен 3 «Д» сынып оқушысы Мусагалиева Тахмина мен Елбасына арнап өлең шығарған 3 «П» сынып оқушысы Турганов Самир І орынға ие болды. ««Назарбаев феномені» тақырыбында 10-шы сыныптар арасында конференция өтті. Конференцияға «Рухани Жаңғыру» институтының жетекші менежері Е.А. Жумашев келіп қатысты. «Елбасы және «Болашак» бағдарламасы» тақырыбында 11-ші сынып оқушылары ток – шоу өткізді. Ток - шоуда «Болашақ» халықаралық стипендиясы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ə.Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы қаулысымен құрылғандығы, бағдарлама мақсаты, бүгінгі таңда 10 096 маман даярланғандығы туралы сөз қозғалды.

    «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы туралы»
    Бүгін мектебімізде «Тұңғыш Президент» күніне орай «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы туралы» тақырыбында Жалпыреспубликалық ашық сабақтар өтті.
    Сабақтың мақсаты: оқушылардың бойында Ұлт Көшбасшысының ҚР тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы мен дамуындағы рөлі туралы түсінік қалыптастыру, қазақстандық патриотизмді, белсенді азаматтық ұстанымды, көшбасшылық қасиеттерге тәрбиелеу.
    Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушылары арасында «Елін сүйген Елбасы» мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыста үш тілде өнер көрсеткен 3 «Д» сынып оқушысы Мусагалиева Тахмина мен Елбасына арнап өлең шығарған 3 «П» сынып оқушысы Турганов Самир І орынға ие болды.
    ««Назарбаев феномені» тақырыбында 10-шы сыныптар арасында конференция өтті. Конференцияға «Рухани Жаңғыру» институтының жетекші менежері Е.А. Жумашев келіп қатысты.
    «Елбасы және «Болашак» бағдарламасы» тақырыбында 11-ші сынып оқушылары ток – шоу өткізді. Ток - шоуда «Болашақ» халықаралық стипендиясы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ə.Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы қаулысымен құрылғандығы, бағдарлама мақсаты, бүгінгі таңда 10 096 маман даярланғандығы туралы сөз қозғалды.



    03.12.2019
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    blog1.jpg?_=1603607207
    Директордың қабылдау уақыты: Дүйсенбі - Жұма: 10.00 - 16:00 Түскі үзіліс: 13:00 - 14:00

    Рухани жаңғыру

    Оцените школьный сайт:

    Дауыс беру

    Полезные ссылки