Меню KDT

Жаңалықтар

Мен OFFLINE

Бүгін 29.01.2020ж. Халықаралық интернетсіз күнге арналған «Мен OFFLINE» республикалық кең ауқымды балалар акциясы өтті.
Негізгі мақсаты – интернетке тәуелділіктің алдын алу, кәмелетке толмағандардың интернет-белсенділігін бақылауға қатысты, интернет-қызметтерді пайдаланушылардың жауапкершілігін, интернет-пайдалану мәдениетін арттыру болып табылады.
Акция аясында «Халықаралық интернетсіз күн» тақырыбында оқушылармен және ата-аналармен сынып сағаттары, бастауыш сынып оқушылары арасында «Мен күнімді интернетсіз қалай өткіздім?» атты суреттер байқауы, эссе байқауы, «Шынайы әлемде өмір сүре біл»тақырыбында флеш – моб, «Интернетсіз күнді сүйікті хоббиге арнаймын» іс – шарасы өтті.
Мектеп психологтары оқушылармен "Интернетке тәуелділіктің алдын алу, оқушылардың бойларындағы шынайы өмірдегі өздерін тани білу қабілеттерін дамыту мақсатында психологиялық "Қоғамдағы орта және интернетке тәуелді орта" тренинг сабағын жүргізді. Тренинг барысында интернетте мен ойымды ашық айта аламын, қалағанымды жасаймын деген оқушылар өздерінің шынайы өмірдегі, қоғамдағы жақын, жанашыр адамдары, ата-анасы, достары, бауырлары, туған-туыстарының қашанда жүректеріне жақын екендерін, шынайы ортада болса өздерін еркін сезініп, жан дүниелері тынышталатындықтарын айтып, өз ойларымен бөлісті.

330 просмотров

Добавлено: 29.01.2020 в 13:52