Меню KDT
logo.jpg?_=1567592019

 НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ  "№65 МЕКТЕП - ГИМНАЗИЯ" КММ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

Мәзір

Мектеп директоры: Елекеева Нургуль Жаксыбековна
Қабылдау күндері:
Сейсенбі: 11.00-13.00
Бейсенбі: 17.00-19.00

Бәрі

Байланыс

Адрес:
Ш.Қосшығұлұл, 18/1 ғимарат 

Байланыс:
Қабылдау бөлімі: +7(7172)728703,
Вахта: +7(7172)728704


   №2,7,13,32,34,50,73,102,105

Аялдама:
"№65 мектеп-гимназия"

Сауалнама

Оцените школьный сайт:

Дауыс беру

 

№65 МГ психологтары Куспанова Ш.Ж. ,Турысова Д.М. 5-11 сынып жетекшілерімен «Мектеп жағдайында кәмілетке толмағандардаң арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбы бойынша ағарту жұмыстарын өткізді.

                                  Өтілу барысы:

1)Дәріс

2)Слайд:жасөспірімдердегі аутодеструктивті тәртіптің себептері, аутодеструктивті тәртіптің себептері.

3) «Тәуекел» тобындағы балаларға көмек көрсетуде мұғалімнің рөлі.

4)Ұсыныстар

5)Сенім телефондары туралы сынып жетекшілерін хабардар ету.

6) «Я буду тебя любить вечно » слайды.
   



Психикалық процесстерді жақсарту үшін


Азырақ ұйықтаңыз.6 сағат ұйқы жеткілікті.21 күн бойы әдеттегіден бір сағат ерте тұрып көрсеңіз, бұл әдетке айналады, ұйқының ұзақтығы емес,сапасы маңызды.

Таңертең бір сағат уақытыңызды өзіңізге арнаңыз.Күн тәртібіңізді құрыңыз,сізді шабыттандыратын өлең оқыңыз,әуезді ән тыңдап,көркем әдебиеттер оқыңыз.Бұларды ешкім кедергі жасамайтын жерде жасап,күні бойына жететін күш-жігер жинаңыз. Аптасына 1 рет күннің шығуын қадағалап, табиғатқа шығыңыз.

Ұсақ нәрселерге көңіл бөлмеңіз. «Мен» уақытым мен күш - жігерімді орынды пайдаланамын ба? деп өзіңізге сұрақ қойыңыз.Уақытты басқару бұл өмірді басқару, сондықтан да уақытыңызды қадірлеңіз.

Ақыл-ойыңызды тек жақсы нәрсеге жұмылдырыңыз.Жаман ойдан аулақ болыңыз.

Телефонмен сөйлескенде әр уақытта сабырлы болыңыз.Абыройыңызды көрсету үшін,орныңыздан тұрып сөйлесіңіз.

Күні бойы бізді шабыт пен керемет ойлар жетелейді.Осындай тамаша ойларды жазып алу үшін үнемі қалтаңызда қалам болсын.

Жексенбілік кешті өзіңізге арнауды әдетке айналдырыңыз.Бұл уақытта жаңа аптаны өткізу жоспарын құрыңыз, кездесулер жайында ойлап жаңа баспалар мен кітаптар оқыңыз, тәнді демалдыратын ән тыңдаңыз.Бұл сізді апта бойы сергек, өзіңізге-өзіңіз сенімді болуға әсер етеді.

Өміріңіздегі ең басты нәрсе-өзгелермен сөйлесу,одан да маңыздысы өз-өзіңізбен сөйлесу.

Алдыңызға мақсат қойыңыз.Өзіңіз ұнатқан іспен шұғылданыңыз.Оны ақша үшін немесе өзіңізді көрсету үшін істемеңіз.

Әр күні айнаның алдында бес минут күліңіз.Күлкі ағзадағы пайдалы элементтердің белсенділігін арттырады.4 жасар бала күніне орташа есеппен алғанда 500 рет күледі,ал ересектер 15 рет күледі.Үнемі күліп жүріңіз. 

Кешке кітап оқысаңыз май шам жағыңыз.Ол ағзаны тыныштандырады.

Жүргенде әрбір қадамыңызды санаңыз.Бұл тиімді әдіс.Үйге кіргенде 6 қадам жасап,іштей 6 қадам дем алыңыз. Егер сізге алты қадам көп болса,онда өзіңізге ыңғайлы санмен жасаңыз. Осы жаттығудан соң сіз өзіңізді сергек,іштей сабырлы сезінесіз.

Ақыл табиғатынан шулы машина сияқты,өйткені ол бір тақырыптан келесі тақырыпқа секіріп жүреді.

Сабырлы болуға үйреніңіз.Адам айынам 30 минут тыныштықта болады.Күніне ең болмағанда 10минут тыныш жерде отыруды әдетке айналдырыңыз.Өміріңіздегі ең маңызды нәрселерді ғана ойлаңыз.



Күлкі - өмірдің кілті

   Күлкі - өмірдің кілті. Гелатология (күлкіні зерттейтін ғылым) күлкі адам өміріне айтарлықтай ықпал етеді дейді. Ал Дарвин күлкі жүйке жүйесін емдей алады деген пікір айтқан. Күлкісіне қарап, адамның мінезін, ішкі жан-дүниесін шамалауға болады екен...

Айғайлап күлу. Мұндай адамдар көбіне ашық мінезді, дені сау, көпшілболып келеді. 

Дыбыс шығармай, ақырын күлу. Мұндай адамдардың мінезі тұйықболады. Адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алатын мінезі жұмсақ,көнбіс адамдар да осылай күледі. 

Қысқа күлу. Күштің, ақылдың, құпиялықтың белгісі. Мұндай адамдарүлкен қиындықтарды оңай жеңе алады.

Үзіп-үзіп күлу. Көбіне жүйке жүйесі сыр берген күйгелек адамдар осылай күледі.

Дөрекілікпен күлу. Мұндай адамдар жабайы, билікке ұмтылғыш, эгоист болып келеді. 

 

Күлгенде қандай қимыл жасайсыз?

Күлгенде басыңызды артқа шалқайтсаңыз, аңқау, сенгіш адам болғаныңыз. Қиялға берілгіш, арманшыл жандар күлгенде қолын бет-жүзінің кез келген жеріне апарады екен. Ал қолыңызды иегіңіздің астына апарсаңыз, бойыңызда әлі балалықтың ұшқыны бар адамсыз.Аузыңызды жауып күлсеңіз, өз-өзіңізге сенімсіз, жұмбақ, жалғыздықты сүйетін адам болғаныңыз. Егер күлердің алдында, басыңызды әнтек еңкейтсеңіз, адамдарды ренжітіп алудан қорқатын, кез келген ортаға тез бейімделетін адамсыз. Күлгенде, мұрныңызды тыржитасыз ба?Ендеше, бәрінің сіздің қалауыңыздай болғанын ұнататын өзімшіл, кірпияз адамсыз деген сөз. Ал қабағыңызды қозғалтып күлсеңіз, өз-өзіңізге сенімді, зерек жансыз. Көзді сығырайтып күлу жұмысбасты, жинақы, сенімді адамға тән күлкі. 

 

Күлкі туралы қызықты дерек

  • Бүгінде адамдар жүз жыл бұрынғыға қарағанда, аз күледі.
  • Бөбек үлкен адамға қарағанда, 20 есе көп күледі.
  • Әйелдер ерлерге қарағанда көп күледі.
  • Күліп, көңілді жүретін адамдар жүрек ауруына аз шалдығады. Америкадағы Калифорния клиникаларының бірінде дәрігерлер мен ғалымдар науқастарға "Күлкімен адамды емдеуге бола ма?" деген сұрақ төңірегінде зерттеу жүргізді. Науқастарға таңертең дәрілермен қоса, анекдоттары бар жаңа газеттер әкеліп берді. Зерттеу нәтижесінде, науқастардың жағдайы анағұрлым жақсарған. Демек, күлкі денсаулықтың жақсаруына әсер ете алады.




Ата-аналарға баланың оқуға ықыласты болуын қалай дағдыландыруға болады?

                                                         

         Ата-ана – баланың бас ұстазы. Ата-ананың тәрбиесі – бала мінезінің іргетасы. Баланың оқуына қандай жолмен көмектесу керек? Мектептегі оқу жұмысына, кітап оқуға оның қызығушылығын қалай арттыруға болады? Баланың ұқыптылығын қандай жолдармен арттыруға болады? Көбінесе осындай сұрақтар ата-аналарды мазалайды.Бұл түсінікті де.Кез-келген ата-ана өз баласының жақсы оқуын, білімге құмар болып өсуін,кітапты көп оқуын, қажырлық көрсетуін қалайды.

      Дегенмен бұл мақсатқа барлығы бірдей жете бермейді. Мұның себебі  бұл міндетті семьялардың әрқайсысы әр түрлі жолмен шешеді.

     Кейбір ата-аналар өз балаларының білім алуға қызығушылығын оятуға,оқуа ықыласын арттыруға,жаңалықтарыды білуге құмартуға, сондай-ақ күнделікті өмірде кітап оқуда туатын сұрауларға жауапты тек мектептегі сабақ үстінді ғана іздестіріп қоймауына ең алдымен қам жасап отырады.Мұндай әкелер мен шешелердің тәрбие ісінде таңдап алған жолдары дұрыс.

     Ал екінші ата-аналар балалардың назарын тек өте жақсы және жақсы деген бағалар алуға ғана аударып, еріксіз олардың оқу мақсатының өрісін тарылтады.Мұндай отбасыларында  балалар төмегі кластардан бастап-ақ тек жақсы баға үшін оқуға дағдыланып , ал үлкендер болса олардың оқу жұмысына тек оқулық бойынша берілген материалдың қаншалықты берік игерілгіндігін тексерумен ғана өз көмегін шектейді. Ал жоғарысыныптарда мұндай тексерудің енді қажеті болмайды.Егер мұндай көмек қажет болатын болса,онда ата-аналардың өздерінің ұлының,қызының оқу жұмысына өткен жылдарда ешқандай көңіл бөлмегендігі,немесе оған дұрыс бағыт беріп, басшылық  етпегендігі болып табылады. Оның үстіне бұл тіпті үйге берілген тапсырманы орындауда көмектесудің басты  және тиімді әдісі емес. Мұндай көмек тек кейбір мезгілде бастауыш сыныптарда немесе білімнің олқылығын толтыруда ғана қажет болады.

     Баланың сыныптан сыныпқа көшуімен байланысты,оның үйдегі оқуына басшылық ету әдісі де бірте-бірте өзгере береді. Мұнда, әрине  алған білім дәрежесі , баланың мінез-құлқы ,оның өз бетімен жұмыс  істей білу қабілеті және көптеген басқа жағдайлар да ескеріледі.

     Балалардың оқуын жақсы жолға қою үшін ата-аналар қандай әдістер көмектеседі? Балаларды оқуға қызықтыру үшін ата-аналарға қандай әдістер көмектеседі? Балаларды оқуға қызықтыру үшін отбасында оларға қандай жағдай тұғызу қажет?

     Тек балалар ғана емес, біз үлкендер өздеріміз де ісіміз сәтті болса, оған қызыға қатысамыз.Оның оқу жұмысы сәтті болу үшін балаға отбасында қандай жағдай туғызу қажет болады?

    Ең алдымен мектепте оқу жұмыс басталған бірінші күннен бастап оқушының үй ішінде жұмыс істейтін тұрақты орыны, қажетті барлық оқулықтары мен жазу құралдары болуы керек,үйге  берілген тапсырманы режим бойынша әр уақытта да белгілі бір мезгілде  орындауға мүмкіншілігінің болуы, баланың оқуына үлкендердің құрметпен қарап,оны өте маңызды іс деп санауын сезінуі қажет.

       Сыныптардың  бірінде бір қыз бала бар.Бұл қыздың өзіне арналған тұрақты жұмыс орны жоқ, сондықтан оған өзіне ыңғайсыз кез келген столдарда отырып сабақ оқуына тура келеді. Егер үйдегі үлкендердің біреуіне тек қана осы қыз отырған стол қажет болса оған: «Қане,тез ғана басқа столға барып отыр», - дейді.

     Ал қыз болса сабақ оқуына орын беруін сұраса оған: «Тоқтай тұр,сен ешқайда да асықпайсың ғой,үлгересің»,деп жауап қайтарады.Ақырында орын босап, бала сабаққа отырады. Бірақ бұл мезгілде телевизор қарайтын болады да, Қызға: «Сен алаңдама , берілген тапсырмаларыңды орында»,деген нұсқау беріледі.

     Қызды кішкене інісі де аз ренжітпейді.Ол оның стол үстіндегі дәптерлерін,оқулықтарын алуға әрекет жасап,айқайлайды,көйлегінен ұстап тартқылайды.Ал телевизор қараудың қызығына түсіп алған үлкендер жас бөбекті тыныштандыруда естеріне де алмайды.

      Ал қыз болса мұғалімнің берген тапсырмасын түсінуге барлық назарын салып-ақ бағады, бірақ,әрине мұнысынан ешқандай нәтижзе шықпайды.Нәтижесіз ақыл-ой жұмсаудан әбден шаршаған қыз  бір сағаттан кейін ол да телевизор қарауға отырады.Үлкендер оған қарсылық көрсетпейді,өйткені ол бірдеңе жазды,оқыды,демек, тапсырманы орындады. Әке мен шеше киноны аяғына дейін көргісі келеді.

       Көрсетулер кешкі сағат 11-де  аяқталады. Үш жасар Бала тіпті мамасының қолында ұйықтап қалады.Мамасы кішкене бөбекті шешіндіріп төсегіне жатқызғанша, қыз мектепке қажеттіліктерінің барлығын кешке әзірлеп қоймастан, ұйқыға жатады.Таңертең ұйқысы қанбайды. Сабаққа кешігеді. Сыныпта ұйқысы келіп отырады. Осыдан үлгермеуші оқушы шығады.                                                                                                         

                                                                         

Мектеп қабырғасында балалардың психологиялық денсаулығын қамтамасыз етубаланың бастауыш буыннан орта буынға өтудегі бейімделудің дұрыс даму жолдары  тақырыбында 5 сыныптармен  «Жақсы көңіл-күй жан шуағы» тақырыбында психологиялық тренингтер жүргізілді.

Мақсаты: Оқушының жақсы көңіл күйде болуына ықпал ететін жағдаяттарды түсіндіру.

Қорытындысында:Оқушылар өздерінің көңіл-күйлеріне қалай ықпал етуге болатындығы жөнінде көптеген мәліметтер алды.


Хабарландру
Құрметті Ата-аналар!
Сіздерді жұма күні, 21.11.2014ж.,  сағат 9.00 – 12.00 дейін
психикалық Денсаулық Проблемаларының Медициналық Орталығының 
психотерапевті 
Жанна Ерсаиновна Дженгаринадан  
жеке кеңес алу үшін шақырамыз.


2014 жылғы 19 қараша күні №65 мектеп-гимназиясында мектеп психологы Куспанова Ш.Ж.11 сынып оқушыларымен ҰБТ-ға дайындық кезеңіне оқушылардың мінез-құлық стратегиясы мен тактикасын өңдеуін, өзін-өзі реттеуін, өзін-өзі бақылау дағдысын, сенімділігін арттыру, темпераментін анықтау мақсатында тренинг өткізді. ҰБТ-ты тапсыру оқушы үшін үлкен стресc. Психолог диагностикалық зерттеулерді, коррекциялық (түзету) жұмыстарын  жүргізді. Осы мақсатта стреске төзімділігін анықтап, ақыл-кеңес берді. Оқушының жүйке жүйесінің тозуы, өзін-өзі бағалау деңгейін анықтады. Психологтан оқушылар пайдалы кеңес алды.
                                  


«Нұр Бағдар» ЖШС 9-сынып оқушыларымен мамандық тандау бойынша тест өткізілді. Тестке 122 оқушы қатысты. Мақсаты: мамандық тандау мақсаты, оқушының мамандыққа көзқарасы және тандаған мамандығын анықтау.
                               



"Мен ғажайыппын"

 Психологиялық тренинг

Тақырыбы:  "Мен ғажайыппын"

Мақсаты: Бала бойында өзіне деген сенімділікті нығайту, «Мен» бейнесін дұрыс қалыптастыру.

Қатысушылар: 6 cынып оқушылары

Жұмыс түрі: топтық жұмыс

Көрнекілік құралдар: тақта, бор,доп,ватман, фламастерлер.

    Жоспар:

  1. Жаттығу "Әдемі ән"
  2. Мен ғажайыппын
  3. Оқушы көзімен
  4. Арт-терапиялық жаттығу."Кезекпен сурет"
  5. Жаттығу "Комплимент"
  6. Жүргізілген жұмысты қорытындылау.

Арт-терапиялық жаттығу."Кезекпен сурет"



Мен ғажайыппын

Сілтемелер

 

Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы



Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
 Қазахстан 
Республикасының
 
Президенті







edu.gov.kzmin_obrazvonija.png

 

bilim_upravlenie.png

komitet_po_ohrane_detei.jpg


olimpiadi.png


daryn.jpg


 

Статистика


  • Осы айда 922
  • Осы аптада 210
  • Кеше 26
  • Бүгін 20
  • Онлайн 3
65 мг 2018ж.

Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015-2016 год